Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің апталығы » КГУ "Экономический лицей"
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицей"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің апталығы
25
сентябрь
2019

Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің апталығы

      2019 жылдың 16-21 қыркүйек аралығында КММ «Экономический лицейде» ҚР Тілдер мерекесіне орай апталық ұйымдастырылды. 

      Апталықтың алғашқы күні тақырыптық кураторлық сағат өткізілді. Лицейдің өзін-өзі басқару ұйымы мерекенің тарихы мен дәстүрлерін таныстыру мақсатында қабырға газетін шығарды. Лицей кітапханашысыИ.Н.Карпова  «Тіл байлығы – ой байлығы» тақырыбы бойынша оқушыларға қызықты кітап көрмесін көрсетті. 

     Филология мұғалімдері 9-10 топтар арасында «Дұрыс таңдау – өмірлік ұстанымым» тақырыбы бойынша эссе жазу  байқауын ұйымдастырды. Орыс тілінде 1-орын алған 91-топ оқушысы Каменский Марк, 104 топ оқушысы – Кенжина Аяулым, 2-орын Толеубекова Айжан. 92-топ оқушысы Мальтекбаева Медина 3-орынға ие болды. 

     З.К Кадыркешева, Г.С.Сулейменова 7-сынып оқушылар арасында «Сен Абайды білесің бе?» атты викториналық конкурс өткізді. 

    Мукушева Г.М., Касымбекова С.М., Сарсенбаева А.У., Фазылбекова Г.Б. мұғалімдері  5-6 сынып оқушылар арасында  «Халықтар достығы – тілдір достығы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Лучший мәнерлеп оқыған оқушылар: 52-топ оқушысы Аман Аяна – Гран-при, 1-орын -  Махсұтқанова Айғаным , Дуйсенбекова Сабина иеленді. 

   Қазақ тілі мұғалімі   А.Б. Жакашева алғаш рет лицейде 9-10 сыныптар аралығында қазақтың бас ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтің 175-жылдығының қарсаңында үш тілде челлендж ұйымдастырды.     10-сынып оқушылары үзік атанды.  

       8-сыныптар арасында «Мақал-мәтел әлемінде» тақырыбы бойынша танымдық конкурс ұйымдастырды. 

    Ата-аналар мен кураторлардың ұйымдастыруымен апталықтың жабылу салтанатында  5-6 сыныптар арасында «Халықтар достығы – тілдер достығы» тақырыбында ән фестивалімен аяқталды. Аталған іс-шараға 52,67,61, топ оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

   8-сынып оқушылары Өскемен қаласына этноауылға саяхатқа барды. Апталықтың соңында барлық белсенді қатысқан топтар мен оқушылар марапатталды.