Біз - мейірімділік пен жарқын әлемнің болашағымыз » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » » Біз - мейірімділік пен жарқын әлемнің болашағымыз
16
февраль
2019

Біз - мейірімділік пен жарқын әлемнің болашағымыз

2019 жылдың 12-ші ақпанында «Восточно-Казахстанская область Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Экономический лицей» КММ «Лицей күні» мерекесі өткізілді. 

Лицей күні – лицей оқушыларының басын біріктіретін, бітіруші түлектердің өмір тәжірибесі, жеткен жетістіктері мен алған асуларын ортаға салатын, ата-аналар мен ұстаздардың қарым-қатынасын нығайта түсетін бірден-бір дәстүрлі мерекелік шара. 

Лицейді бітірген түлектердің жолдаған видеохаттары тамашаланды, лицей оқушыларына тағылымды кеңестер беріліп, жетістікке жетудің жарқын жолдары көрсетілді. Дәстүрлі мерекелік кештегі  ең маңызды шара – бесінші,алтыншы,жетінші сынып оқушыларының лицеистер қатарына қабылдануы. Сахнаға бесінші. алтыншы, жетінші сынып оқушылары шақырылып, 11-сынып оқушылары өздерінің ізбасарлары ретінде, оларға білім қақпасының алтын кілтін табыстады. 5-7  сынып оқушылары лицейдің ар-намыс кодексін берік ұстанып, лицей абыройын арттыра түсуге салтанатты түрде ант берді. Лицей оқушыларының қатарына қабылданған бесінші, алтыншы,жетінші, сынып оқушыларының ата-аналары да кештің қадірменді қонағы болды. 

Оқудағы жетістіктері мен лицей өміріне белсене қатысқан лицеистер мадақтама қағаздарымен марапатталды. 

Лицей оқушыларының  күшімен дайындалған концерттік бағдарлама мерекелік шараға жиналғандардың  көңілінен шықты. 

Мереке лицей бауырластығының достығы мен бірлігінің символы болып табылатын лицей әнұранымен аяқталып,жиналғандардың жүрегін мейірім мен шуаққа бөледі.