Жүректен жүрекке » КГУ "Экономический лицей"
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицей"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
22
февраль
2020

Жүректен жүрекке

2020 жылдың 17 ақпанында "Экономический лицей" КММ-нің  психолог мұғалімдері Г. Б Изатова мен Ю. Ю. Мелкованың жетекшілігімен "Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме" КММ-де "Атамекен" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты, балаларды адамдарға қамқор болуды тәрбиелеу, қайырымдылық сезімдерін тәрбиелеу, көмекке келуге тілек білдіру, қарт адамдарға құрмет көрсету болып табылады.

Концерт Ұлы ағартушы   ақын  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Балалардың орындауында қазақ және орыс тілдерінде : "Асыл әжем", "Көзімнің қарасы" , "Тәуелсіз қазақтың қызымын", "Ана", "Этот мир придуман не нами", "За окнами дождь" әндері шырқалды, халық және заманауи билер биледі, Абай шығармаларынан үзінділер оқылды, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған "О той весне" әні шырқалды.

Оқушылар жиналған қауымға   жақсы денсаулық, сергектік тілей отырып, өз жандарының бір бөлігін сыйлап, қарттарымыз қосыла ән шырқап, көздеріне жас алды.

Лицей оқушылары    өз қолдарымен жасаған бұйымдарын   және    әдемі картинаны  сыйға тартты. 

Концерттің соңында Қалибаева Нұрай "Атамекен"әнін орындады. Әжелер мен аталар   ұнаған әндерді мен   билерді қайталап орындауды сұрады.    Кездесу оқушылар мен қарттардың көңілінде қалатындай деңгейде өтті.

Похожие публикации:

22 февраль 2020 От сердца к сердцу
28 январь 2020 Абай әлемі