Тәуелсіз елім - тірегім » КГУ "Экономический лицей"
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицей"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » Тәуелсіз елім - тірегім
13
декабрь
2019

Тәуелсіз елім - тірегім

Желтоқсан айының 13-і күні Экономикалық  лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Жиналыс тарих пәнінің мұғалімі, «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Балыкбаев Максат Мукановичтің баяндамасынан  басталды.  Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының даму жолдары мен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз.

«Экономический лицей»КММ директоры Хамидуллина Н.Р. құттықтау сөзінде,педагогикалық ұжымды, оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше еңбегімен көзге түскен ұстаздарды, лицей өміріне белсене қатысып, өткізілетін іс-шараларға ұйтқы болып отырған өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне мақтау қағаздарын табыстады.

Іс-шара оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Жиналыстың соңында  лицей оқушылары сахнаға шығып, «Атамекен» әнін орындады.