Ұмытылмайтын ұлы ерлік! » КГУ "Экономический лицей"
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұмытылмайтын ұлы ерлік!
08
май
2019

Ұмытылмайтын ұлы ерлік!

Жеңістің 74 жылдығына орай лицеистрерге Отан үшін жан қиған жауынгерлердің, қазіргі таңда ардагерлердің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Ерлігің ел есінде» тақырыбында "Экономикалық лицей"КММ Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу қалалық Әскери Даңқ мұражайы, КМФ микрокредиттік ұйымының қызметкерлерінің, ата-аналар қауымының қатысуымен ұйымдастырылды. 

Кездесу Ф.М.Достоевский атындағы театрдың режиссері Глушков Андрей Егоровичтің жетекшілігімен 83-топ лицеистері дайындаған, әдеби-музыкалық қойылымнан басталды. Мерекелік шара "Мәңгілік полк" шеруімен жалғасты. Лицеистер сұрапыл соғыстқа қатысқан,тылда еңбек еткен ата-апаларының суретімен шығып, жиналған қауымға олар туралы айтып берді.Қыршыннан қиылған боздақтар мен майдангерлерді бір сәт еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеров Габдулгазиз Гайнутдинович өз сөзінде, отты жылдарда балғын ұрпақ сенің болашағың үшін жанын аямай орасан зор қайсарлық, батырлық көрсеткен ержүрек жауынгерлерді бүгінгі күнде еске алып, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отырғандарына, ардагерлерге арнап осындай іс-шараны ұйымдастырғандарына ризашылығын білдірді. 

Кездесудің шешуші сәті ол- лицей оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау. Жас ұлан қатарына қабылдау құрметі, ҰОС ардагерлері,лицейдің құрметті ұстаздарына берілді. 

"Экономикалық лицей"КММ әкімшілігі Жеңіс күніне арналған іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан ата-аналарға,Әскери Даңқ мұражай қызметкерлеріне,Ф.М. Достоевский атындағы театрдың режиссері Глушков Андрей Егоровичке, КМФ микрокредиттіік ұйымына алғыс білдіреді