"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында театрмен бірлескен жұмыс/ Сотрудничество с театром в рамках проекта «Читающая школа» » КГУ "Экономический лицей"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Экономикалық лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында театрмен бірлескен жұмыс/ Сотрудничество с театром в рамках проекта «Читающая школа»
01
апрель
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында театрмен бірлескен жұмыс/ Сотрудничество с театром в рамках проекта «Читающая школа»

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 28-29 наурызында «Экономикалық лицей» КММ лицеистері Достоевский атындағы театрға барып, «Том Сойер» қойылымын тамашалап қайтты. Квест – ойын– бұл анимация емес, театр жұмысының жаңа шығармашылық түрі, қызықты шытырман оқиғаға толы қойылым болды. Балалар тарих кейіпкерлеріне айналғандай болды.
    Әрбір спектакль – өзіндік ережелері мен ерекшеліктері бар, дамуы мен нәтижесі әр көрерменге байланысты болатын бірегей туынды.    Мұндай қойылымдарға барудағы мақсат – оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген, балалардың театр өнеріне деген қызығушылығын ояту, ұжымдық өзара әрекеттесуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және балалардың қиындықтарды жеңуге деген құштарлығын ояту, шығармашылық қиял мен зейінді және есте сақтау, елестету, ойлау сияқты дағдыларын дамыту.    Шағын сахнада қойылған «Том Сойер» жобасының директоры Андрей Глушков болды. Қойылым ұлдардың басшысы Том Сойер туралы қызықты да шытырман оқиға толы хикая. Жеңіл және жақсы әзілге толы туынды балалық шақ, достық пен адалдық әлеміне енгендей болады. Ал театрдың бүкіл ғимараты оқиға сахнасына айналды. Көрермен боп барған балаларға  театр ғимараты, шынымен, қазына іздейтін лабиринтке айналды. Шынында да, залға кірер алдында жас көрермендерге театрдың әр жерін аралатып, оның барлық шеберханаларын, әртістердің киім киетін жерін т.б. аралап, көрермендердің өздерін шығармашылық процеске қатысуларына мүмкіндік берілді. 
Экономикалық лицейдің оқушылары «Том Сойер» пьесасына қатысып, барлық тапсырмаларды орындап, театр және театр мамандықтары туралы көптеген қызықты мәліметтерді білді. Лицеистер театр табалдырығынан аттай бастаған сәттегі керемет сезім мен ғажайып күшті сезініп қайтты.

В рамках реализации Республиканского проекта «Читающая школа»,  28-29 марта 2022 года ,  учащиеся  КГУ «Экономический лицей» посетили театр им.Достоевского и  приняли участие в спектакле-бродилке «Том Сойер» . Квест – бродилки , это новая креативная форма работы театра .Квест или бродилки- не анимация, а увлекательное приключение. Дети становятся героями  истории, перевоплощаются персонажи из книг, раскрывают тайны и разгадывать головоломки.
Каждый спектакль — это отдельная вселенная со своими правилами и особенностями, неповторимая постановка, развитие и исход которой зависят  от каждого зрителя.
 Цель  посещения таких спектаклей пробудить интерес учащихся  к чтению классической литературы  вызвать у детей интерес к театральному искусству; создание условия для отработки командного взаимодействия, для развития креативности и стремления к победе, вызвать желание у детей преодолевать трудности ,предоставить возможность испытывать чувство успешности от совместного творческого процесса, развивать наблюдательность, творческую фантазию и воображение, внимание и память, образное мышление;
Режиссером проекта «Том Сойер» на малой сцене стал Андрей Глушков, а местом действия – все здание театра. В его лабиринтах, где действительно можно заблудиться и зрители-дети оказывались в поисках клада. На «Тома Сойера» приходят ученики 5–7-х классов, это своеобразный возраст, когда все подвергается сомнению.  Это захватывающая повесть о заводиле, атамане мальчишек Томе Сойере. Пронизанная светом и добрым юмором постановка окунает в мир детства, веры в дружбу и преданность.
 Спектакль стал экспериментом, создав новый жанр – «бродилки». Ведь прежде, чем попасть в зал, юным зрителям предоставляется возможность «побродить» по разным уголкам театра, побывать во всех его цехах, принять участие в творческом процессе. Учащиеся Экономического лицея  приняли участие в спектакле-бродилке  "Том Сойер" справились со всеми заданиями и узнали много интересного о театре и театральных профессиях. Невероятные эмоции и масштаб и очень мощное погружение с порога.
Магия театра восхитительна и не повторима!!!