Абай әлемі » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2020

Абай әлемі

Семей шаһарында қасиетті білім ордасы «Экономикалық лицейде» Қазақстанның Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай  «Абай әлеміне саяхат»атты байқау  өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты: оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, адалдыққа баулу. Білім-ғылымға деген құштарлығын арттыру.

Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. 

Бұл шығармашылық байқауда 8-9 сынып оқушылары өз өнерін көрсетті. Лицей оқушылары ғұлама ақын, философ, аудармашы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары бойынша көрініс қойды. Сахына шымылдығы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнімен басталды. Сахынада «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Я много разных слов сказал» өлеңдері, «Татьянаның хаты» аудармасы, 17 қарасөзі,  «Абай жолы» роман-эпопеясынан ақынның шығармашылық өмір жолын суреттейтін үзінділерді көрсетіп, «Қөзімнің қарасы» әні шырқалып, оқушылар домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптарда өз өнерін көрсетті.

Жаңартылған білім мазмұнына сай, көрермендер іс-шараны онлайн түрінде критерийлер негізінде ұпай беру арқылы жүзеге асты. Дауыс берудің нәтижесінде. 9-сыныптар арасында 96 және 95 топ оқушылары үздік өнер көрсетті. 8-сыныптар арасында  82 және85 топ үздік өнер көрсетті. 

Қорытындылай келе, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген аманатын көкіректе сақтайық.