Экскурсия

Автор: admin от 25-09-2019, 13:45, посмотрело: 91

0

24.09.2019 ж. Семей қаласныңКөлік колледжінің студенттері ШҚО "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалының маманы А. В. Люйдіңбасшылығымен Экономикалық лицейдің оқушыларынакәсіптік бағдар беру мақсатында "Семей кеме жасау-кеме жөндеу зауыты" ЖШС және "Су жолдары" кәсіпорнына экскурсия жүргізді. Бұл іс-шара алғаш рет өткізілді.

Кәсіпорын өзінің: үлкен аумағымен, доктар, ондағы жүргізіліп жатқан  кемелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстарымен, ірі көлемді көтергіш крандары, түрлі функционалды кемелерімен лицей оқушыларына әсер қалдырды. Курсанттар кеменің қалай жасалып, қалай жөндеу жүргізілетінін айтып, кейбір өндірістік үрдістерді тәжірибеде көрсетті.

Экскурсия барысында балалар өз ісінің кәсіпқой мамандарымен танысты. Сонымен қатар, лицей оқушыларын қызықтырған "Земснаряд"атты арнайы кеме болды. Бұл кемемен өзендерді "емдеу" жұмысын жүргізетінін, ол өзендегі су таза болуы үшін топырақ түбінен соратын үлкен «шаңсорғыш»  екенін айтып, балалардың қызығушылығын арттырды.

         Қызықты экскурсия лицей оқушларын зауытта жұмыс істейтін адамдардың мамандықтарымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар балаларға қаланың экономикасы үшін кәсіпорынның қандай маңызы бар екенін көрсетті.

 
 

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.