» » Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің апталығы

 
 
 

Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің апталығы

Автор: admin от 25-09-2019, 13:39, посмотрело: 87

0

      2019 жылдың 16-21 қыркүйек аралығында КММ «Экономикалық лицейде» ҚР Тілдер мерекесіне орай апталық ұйымдастырылды.

      Апталықтың алғашқы күні тақырыптық кураторлық сағат өткізілді. Лицейдің өзін-өзі басқару ұйымы мерекенің тарихы мен дәстүрлерін таныстыру мақсатында қабырға газетін шығарды. Лицей кітапханашысыИ.Н.Карпова  «Тіл байлығы – ой байлығы» тақырыбы бойынша оқушыларға қызықты кітап көрмесін көрсетті.

     Филология мұғалімдері 9-10 топтар арасында «Дұрыс таңдау – өмірлік ұстанымым» тақырыбы бойынша эссе жазу  байқауын ұйымдастырды. Орыс тілінде 1-орын алған 91-топ оқушысы Каменский Марк, 104 топ оқушысы – Кенжина Аяулым, 2-орын Толеубекова Айжан. 92-топ оқушысы Мальтекбаева Медина 3-орынға ие болды.

     З.К Кадыркешева, Г.С.Сулейменова 7-сынып оқушылар арасында «Сен Абайды білесің бе?» атты викториналық конкурс өткізді.

    Мукушева Г.М., Касымбекова С.М., Сарсенбаева А.У., Фазылбекова Г.Б. мұғалімдері  5-6 сынып оқушылар арасында  «Халықтар достығы – тілдір достығы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Үздік мәнерлеп оқыған оқушылар: 52-топ оқушысы Аман Аяна – Гран-при, 1-орын -  Махсұтқанова Айғаным , Дуйсенбекова Сабина иеленді.

   Қазақ тілі мұғалімі   А.Б. Жакашева алғаш рет лицейде 9-10 сыныптар аралығында қазақтың бас ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтің 175-жылдығының қарсаңында үш тілде челлендж ұйымдастырды.     10-сынып оқушылары үзік атанды.

       8-сыныптар арасында «Мақал-мәтел әлемінде» тақырыбы бойынша танымдық конкурс ұйымдастырды.

    Ата-аналар мен кураторлардың ұйымдастыруымен апталықтың жабылу салтанатында  5-6 сыныптар арасында «Халықтар достығы – тілдер достығы» тақырыбында ән фестивалімен аяқталды. Аталған іс-шараға 52,67,61, топ оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

   8-сынып оқушылары Өскемен қаласына этноауылға саяхатқа барды. Апталықтың соңында барлық белсенді қатысқан топтар мен оқушылар марапатталды.

 

Категория: Информация, Традиция школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.