Тәуелсіз елім - тірегім » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіз елім - тірегім
18
декабрь
2018

Тәуелсіз елім - тірегім

 


Желтоқсан айының 14-і күні Экономикалық лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. 

 Жиналыс директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Искакова Равиля Надильевна мен тарих пәнінің мұғалімі Идрышева Гүлжан Сапашевнаның елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен таныстырудан басталды. Елбасының мақаласы отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Бұл туынды Президентіміз айтып кеткендей, оның «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылады. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз. 

«Экономикалық лицей»КММ директоры Хамидуллина Н.Р. құттықтау сөзінде,педагогикалық ұжымды, оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше еңбегімен көзге түскен ұстаздарды, лицей өміріне белсене қатысып, өткізілетін іс-шараларға ұйтқы болып отырған өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне мақтау қағаздарын табыстады. 

Салтанатты жиналыстың шешуші сәті ол- лицей оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау. Жас ұлан қатарына қабылдау құрметі, лицейдің құрметті ұстаздары Хамидуллина Н.Р.,Омарова Ж.К.,Тулеева З.Ф., Искакова Р.Н., Жумакаева Д.М.берілді. 

Іс-шара оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Жиналғандар Республикалық Жас талант – 2018 байқауының бас жүлдегерлері «Тұмар» жетіген ансамблінің мүшелерінің: Мадиева Е., Тимирбаева К.,Бейбітқызы Б.өнерін тамашалады. 82-топ оқушылары дайындаған азаттықтың ақ таңына жеткенше талай қиындықты басынан өткерген қазақ елінің ауыр тұрмысы жайлы көрініс көрермендердің жан дүниесін тебірентіп, көздеріне жас үйірді. 

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Жиналыстың соңында елімізді мекендеген көпұлтты халықтардың киімін киген лицей оқушылары сахнаға шығып, «Атамекен» әнін орындады.