Әкем,анам және мен » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2018

Әкем,анам және мен

 
 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2018 жылдың 8-желтоқсанында  Экономикалық лицейде 61,62,63- топ арасында салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында «Әкем, анам және мен» атты  спорттық сайыс ұйымдастырылды. 

Сайыстың басты мақсаты оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. 

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көрсете білді. Сайысқа 6 отбасы қатысты. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. 

Сайыстар эстафета түрінде өткізілді. Доппен кедергілер арқылы жүгіру, секіртпелер арқылы жарысу,  допты алып жүгіру секілді кезеңдерде өзара сынға түсті. 

Оқушылар және көрермендер сайыстың жүру барысын ризашылықпен, жақсы көңіл-күймен бақылады және отбасылық командаларға қызу қолдау көрсетіп, жанкүйер болды. 

Мерекелік көңіл сыйлау мақсатында 61,62,63- топ оқушылары атынан музыкалық ән шашу сыйлап, көрермендермен «Қара жорға» биі биленді. 

Байқаудың қорытындысы бойынша:  I орынды 61-топтың  Сайфулла отбасынан құралған  «Орда» командасы; II орынды - 63 топтың Темирхановтар отбасынан құралған «Майлики» командасы; III орынға-63-топтың Якубовский отбасынан құралған  «Смайлики» командасы  ие болды.Сонымен қатар 62- топтан Ракишевтер отбасынан құралған «Жеңіс» командасы «Ең  шымыр отбасы» және Тлеубай отбасы «Ең тату отбасы», 61-топтан Жунусовтар отбасынан құралған команда «Ең белсенді отбасы» атты номенацияларға ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтар табыс етілді.