Бірлігіміз жарасқан! » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Economic Lyceumі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-75-15
bookkeeping:
+7(7222) 36-03-11
Version for
visually impaired
» » » Бірлігіміз жарасқан!
24
September
2018

Бірлігіміз жарасқан!

Қазақстан халқының Тілдері мерекесі қарсаңында «Economic Lyceumде» КММ ««Бірлігіміз жарасқан» атты тіл апталығы өтті. Мақсаты: лицей оқушыларының бойына  тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу. Апталық барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында 9-сынып лицей оқушыларына Өскемен қаласындағы этноауылға саяхат ұйымдастырылса, 6-сыныптың лицей оқушылары қаламыздағы облыстық өлкетану мұражайындағы саяхат-сабаққа қатысып, ерекше әсер алып қайтты. Лицейдің 8,9 -сынып оқушыларына «Полиглот», «Тілді біл де үйрен», «Тіл-халықтар достығының дәнекері» тақырыптарында интеллектуалды сайыстар, оқушылардың мемлкеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру үшін «Мен-елімнің патриотымын» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, «Мен өз еліммен мақтанамын» тақырыбында жас суретшілердің сурет-көрмесі ұйымдастырылды. Апталықтың соңы Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрін көрсете отырып, оқушыларды бірлікке, татулыққа, елін, жерін құрметтеуге шақыратын  «Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты этнофестивальмен аяқталды. Фестиваль барысында лицей қабырғасына бірінші рет қабылданып отырған 5-сынып оқушылары шарт бойынша өз өнерлері мен әр халықтың салт-дәстүрін көрсетті. Фестиваль өте әсерлі, қызықты өтті. Қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды.