Мамандықтар фестивалі » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Economic Lyceumі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-75-15
bookkeeping:
+7(7222) 36-03-11
Version for
visually impaired
» » » Мамандықтар фестивалі
10
февраль
2020

Мамандықтар фестивалі

Қазіргі серпінді заманда түрлі салалар бойынша көптеген өзгерістер болып, соның ішінде мамандықтар әлемінде де қарқынды бетбұрыстар   орын алуда. Ерекше және жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Оқушыларды нарықтық заманға бейімдеу, кәсіби өзін-өзі тану үшін оларға жағдай жасау қажет. 

Economic Lyceumде 8-ақпан күні, 9-сыныптар арасында «Мамандықтар фестивалі» атты іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға қандай да бір мамандықтың иесі ретінде сезініп сахналық қойылым көрсету. Оқушылар бұл фестивальге шығармашылықпен қатысты. Олар сот қызметкері жұмысына үңіліп, лабараториялық тәжірибе көріп, кешкі жаңалықтарды тілші мамандығынан тыңдап,әйгілі пианисттің концертінде болып, тігіншінің туындыларын тамашалап, менеджер мамандығы туралы ақпарат алды.

9-сыныптар арасында бейіндік оқыту бойынша мұндай іс-шара өткізудің маңызы зор, себебі болашақ мамандығын таңдауына түрткі болады. Аталмыш іс-шараны директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Тускеева М.В. ұйымдастырды.